homepage
Фото: Chat GPT

Оқушылары жазғы демалыста қайдан жұмыс таба алады?

09.06.2025, 08:15

14 пен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер енді жазғы демалыста жұмыс істеу мүмкіндігін онлайн іздей алады. 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) порталында «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлім іске қосылды. Бұл туралы juzmedia.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл бастама жасөспірімдерге еңбек дағдыларын дамытуға, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға және жаз мезгілін тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Бөлім арқылы тіркеліп, жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды көруге болады. Сонымен қатар, порталдағы қауіпсіздік шаралары мен ізденушілерге арналған функциялар туралы толық ақпарат «Білу маңызды» жобасында түсіндірілген.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.