homepage
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Азиядан Парижге дейін: Қазақ спортшылары аптаны алтынмен жапты

09.06.2025, 11:16

Өткен аптада қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда бірқатар жарқын жеңіске қол жеткізді. Жеті күннің қорытындысы – Азия чемпионатындағы жеті медаль, Грекиядағы жеңіс және «Үлкен дулыға» финалы деп хабарлайды juzmedia.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Спорттық гимнастика
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 жүлде жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын. Тұтқалы ат жаттығуында Нариман Курбанов пен Роман Хегай, ал қос сырық жаттығуында Нұртаң Ыдырысов чемпион атанды.

Жеңіл атлетика
Грекияның Ханья қаласында биіктікке секіруден өткен халықаралық турнирде Кристина Овчинникова алтын медаль иеленді. Ол 190 сантиметр нәтижемен жарыс жеңімпазы атанды.

Теннис
Анна Данилина Франция ашық чемпионатының жұптық финалына дейін жетті. Бұл – оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финалы.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.