Ресей 2025 жылғы 30 маусымнан бастап елге кіретін барлық шетелдік азаматтарға, соның ішінде қазақстандықтарға да қатысты жаңа талап енгізеді. Бұдан былай әрбір келушіге цифрлық профиль қалыптастырылып, биометриялық деректер жиналады. Бұл туралы juzmedia.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Цифрлық профильді шетелдіктерге арналған RuID қосымшасы арқылы жасауға болады. Бұл — Ресейдің «Госуслуг» сервисінің аналогы. Онда келу туралы хабарламаны рәсімдеп, сақтандыру да рәсімделеді.
Биометриялық деректер елдің барлық шекара бекеттерінде жиналады. Бұл талап 2026 жылғы 30 маусымға дейін сынақ режимінде іске асырылады. Визасыз кіру тәртібі сол күйі сақталады — әуе және құрлық арқылы кіру мүмкін.
Биометрия тапсырудан кімдер босатылады?
Жаңа ереже 6 жасқа дейінгі балаларға, дипломаттар мен халықаралық ұйымдар қызметкерлеріне, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорт иелеріне қолданылмайды.
Жаңа тәртіп Ресейге жиі баратын шетел азаматтары үшін маңызды, сондықтан қазақстандықтарға шекарадан өтпес бұрын RuID қосымшасы арқылы тіркеліп, қажетті рәсімдерді алдын ала жасау ұсынылады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.