homepage
Фото: juzmedia.kz

ҰБТ-дың үш аптасында 206 ереже бұзушылық анықталды

09.06.2025, 12:03

2025 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталғалы 164 мыңнан астам рет тест тапсырылды. Аралық мәліметтерге сәйкес, тестілеудің алғашқы үш аптасында 206 ереже бұзушылық тіркелді деп хабарлайды juzmedia.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, 98 талапкер тыйым салынған заттарды — смартфон, шпаргалка және басқа құрылғыларды алып кірмек болғаны үшін тесттен шеттетілді. Тағы 108 адам тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Биыл талапкерлердің 74%-ы тесті қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, ал 136 адам ағылшын тілінде тапсырған. Ең жоғары балл — 140 — Түркістан облысынан Әбілхан Жәнібекке тиесілі.

Айта кетейік, тестілеу аяқталғаннан кейін нәтижелерге 30 минут ішінде апелляция беруге болады. Сонымен қатар, тестілеуден кейін 31 қазанға дейін бейнебақылау жазбалары талданып, қосымша ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер жойылады.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.