Алматы қаласының Жетісу аудандық соты қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А. Өсербаевты кінәлі деп таныды деп хабарлайды juzmedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, А. Өсербаев мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қызметтер бойынша келісімшарт жасасуға жәрдемдесу сылтауымен «Suberpro-com» ЖШС өкілінен 3,6 миллион теңге пара талап еткен.
Сот Өсербаевқа мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 27 миллион теңге айыппұл салды.
Сот үкімі 2025 жылғы 20 мамырда шыққан және заңды күшіне енді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.