Қазақстанда еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытында нақты нәтижелер байқалды. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Еңбек тәуекелі картасының тиімділігін атап өтті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оның айтуынша, жүйе іске қосылған сәттен бастап 3 мыңнан астам кәсіпорын жоғары тәуекел аймағынан шығарылып, 90 мыңнан астам қызметкердің еңбек жағдайы жақсарды.
Министрдің мәліметінше, 2024 жылы енгізілген карта 23 түрлі көрсеткішті қамтиды. Олардың қатарында жарақаттану деңгейі, әлеуметтік аударымдардың қозғалысы, кадрлардың тұрақтылығы мен кәсіподақтардың болуы секілді маңызды параметрлер бар.
Жүйенің арқасында жоғары тәуекел деңгейі бар кәсіпорындар саны 2 589-дан 1 799-ға дейін азайған. Жақыпованың айтуынша, еңбек тәуекелі картасы жұмыс берушілерге ықтимал заңбұзушылықтарды алдын ала анықтауға және оларды жоюға мүмкіндік беріп отыр. Бұл тәсіл жедел әрекет етуден проактивті алдын алу шараларына көшуді қамтамасыз еткен.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.