homepage
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еліміздегі кәсіпорындар жұмысшыларына 1 млрд теңгеге жуық қарыз

10.06.2025, 06:06

Елімізде жұмыс берушілердің жалақы бойынша берешегі әлі де өзекті мәселе болып тұр. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 85 кәсіпорында 2 мыңнан астам қызметкерге жалпы сомасы 814 млн теңге жалақы берілмегенін анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сонымен қатар түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығының бұзылуына қатысты 2 400-ден астам жағдай тіркелген. Осыған байланысты кәсіпорын басшыларына 1 588 ұйғарым беріліп, 194 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1 900-ден астам жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 677 млн теңге төленді.

Министрлік еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды ерекше назарда ұстап отыр. Жыл басынан бері инспекторлар 2 381 тексеру жүргізіп, 2 941 заңбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 2 428-і еңбек қатынастарына, 496-сы еңбек қауіпсіздігіне, 17-сі халықты жұмыспен қамту саласына қатысты болған.

Жалпы, қабылданған шаралар нәтижесінде 17 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.