homepage
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматылық дәрігерлер әлемде сирек кездесетін патологияға ота жасады

10.06.2025, 18:25

Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәрігерлер жаңа туған нәрестеге әлемде небәрі 30 рет тіркелген өте сирек аномалия бойынша сәтті ота жасады деп хабарлайды Juzmedia.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сәби туған сәтінен бастап өздігінен дем ала алмаған. Бет пен мойын тұсындағы 4х4 см көлеміндегі түзіліс кеңірдек пен жоғарғы тыныс жолдарын қысқан. Дәрігерлер бастапқыда бұл қатерсіз ісік деп ойлағанмен, зерттеу нәтижесінде түзіліс ми тіні – эмбриондық гетеротопия екені анықталды. Бұл – өте сирек кездесетін туа біткен патология. Статистикаға сәйкес, көмей-жұтқыншақ аймағында орналасқан мұндай ми тіні барлық гетеротопия жағдайының 0,1%-ынан да аз. Дүниежүзілік медициналық әдебиетте осындай небәрі 30 жағдай ғана сипатталған.

Отаға жақ-бет хирургі Серік Нұрмағанов жетекшілік етті. Екі сағатқа созылған күрделі операция нәтижесінде түзіліс толық алынған. Сәбидің тыныс алуы қалпына келіп, қазіргі таңда жағдайы жақсы.

Дәрігерлер мұндай жағдайларда пренаталдық скринингтің маңызы зор екенін атап өтті. 2024 жылы орталықта 49 жаңа туған нәрестеге ота жасалса, биылғы жылдың өзінде 24 шақалаққа шұғыл хирургиялық көмек көрсетілген.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.