homepage
Фото: juzmedia.kz

Семейлік әскери қызметші өрттің ішінен бір әйелді алып шықты

12.06.2025, 10:10

 Семей қаласында орналасқан әскери бөлімнің коменданттық взводының электригі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов отқа оранған үйден әйелді құтқарып алып шықты деп хабарлайды Juzmedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік баспасөз қызметінің айтуынша, оқыс оқиға 10 маусым күні кешкі уақытта әскери қызметші дүкенге бара жатқан уақытта орын алды. Ол қаланың тар көшелерінің бірінде өрт сөндіріп жатқан адамдар тобын көреді.

Жанып жатқан ғимараттың терезелерінен жанұшыра шыққан айқайды естіген әскери қызметші еш ойланбастан көмекке жетеді. Қоршауды айналып өткен ол терезе әйнегін сындырып, жанып жатқан бөлмеге кірген.

Бұл кезде қалың түтіннің салдарынан үй ішінде ештеңе көрінбейтін. Сол себепті Қызыр Мұхаметжановқа айқайлаған дауысқа құлақ түруге тура келеді. Соның арқасында ол үй ішінен әйел адамды тез тауып, сыртқа көтеріп алып шыққан.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды қаладағы ауруханаға жеткізді. Қазір ол ем қабылдап жатыр.

Екі баланың әкесі қатардағы жауынгер Қызыр Мұхаметжанов он жылдан астам уақыттан Қарулы күштер сапында келісімшарт бойынша қызмет етіп келеді.

Қызыр өзінің іс-әрекетін батырлық деп санамайды. Өйткені қиын сәтте көмек қолын созу ол әр азаматтың міндеті дейді. Әскерде қалыптасып қалған әдетінше ол жедел, әрі батыл әрекет етуге шешім қабылдауға әркез дайын.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.