homepage
Фото: juzmedia.kz

Қазақстан азаматтарына Израильдегі қауіпсіздік шараларын күшейту ескертілді

13.06.2025, 04:52

Қазақстанның Израильдегі елшілігі ел аумағында ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты сол жақта жүрген отандастарға арнайы қауіпсіздік ескертуін жариялады. Бұл туралы Juzmedia.kz хабарлайды.

«Біздің азаматтар Израильдің Тыл қолбасшылығының (ЦАХАЛ) нұсқауларын орындап, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, сақтықпен әрекет етіп, жаңалықтар легін бақылауда ұстауы және елшілікпен тұрақты байланыста болуы тиіс», – делінген Тель-Авивтегі Қазақстан елшілігінің хабарламасында.

Қазақстан азаматтары үшін байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (тәулік бойы кезекші)

  • +972 53 635 19 83 (WhatsApp)

  • +972 55 273 38 13 (WhatsApp)

  • +7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Еске салайық, бұл ескерту Израильдің Иран аумағына жасаған авиациялық соққысынан кейін жарияланып отыр. Израиль билігі бұл шабуылдың мақсаты – «Иранның ядролық бағдарламасын» тоқтату екенін мәлімдеді. Ел аумағында чрезвычайлық жағдай жарияланды, барлық оқу процесі мен көпшілік шаралар уақытша тоқтатылды, Бен-Гурион әуежайы түнгі рейстерді тоқтатты.

Иран да өз кезегінде жауап беру жоспары барын мәлімдеді. Елдің бірқатар провинцияларында жарылыстар естіліп, ПВО жүйелері іске қосылды, Тегеран аспанын түтін басқан видеолар тарады.

Қақтығыс салдарынан құрбандар мен жарақат алғандар бар, бірақ нақты саны әзірге белгісіз. Израиль бірнеше мың резервисті әскерге шақырып жатыр.

Жағдай күрделеніп бара жатқан тұста, қазақстандықтар үшін қауіпсіздік нұсқауларын сақтау – аса маңызды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.