homepage
Фото: juzmedia.kz

Қазақстанда ымдау тіліне арналған электрондық сөздік әзірленді

13.06.2025, 08:47

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған цифрлық ресурстардың қатары тағы бір жаңашыл жобамен толықты. Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған онлайн-видео ымдау тілі сөздігін дайындап шығарды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл электрондық сөздік – ым-ишараның көрнекі бейнематериалдарымен қамтылған, автоматтандырылған іздеу жүйесі бар интерактивті ақпараттық база. Сөздіктің басты мақсаты – есту қабілеті шектеулі балалардың оқу үдерісін жеңілдету және олардың білімге қолжетімділігін арттыру.

Ресурс орталықтың ресми сайтында қазақ және орыс тілдерінде тегін жүктеп алуға қолжетімді. Алдағы уақытта оның мобильді нұсқасы да жарық көреді. Ұйымдастырушылар оны 2025 жылы өтетін республикалық тамыз конференциясы аясында таныстыруды жоспарлап отыр.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.