Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үшін қуанышты жаңалық болды – 48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Шешуші белдесуде ол былтырғы финалист Ассунта Скуттомен (Италия) татамиге шығып, тартысты жекпе-жекте есе жібергенімен, әлемнің вице-чемпионы атанды.
Абиба – әлемдік деңгейдегі тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген саңлақ. Ол соңғы үш жылда қатарынан жартылай финалға шығып, 2022 және 2024 жылдары қола жүлде иеленген еді. Биылғы нәтижесі – оның шеберлігі мен табандылығының айқын дәлелі.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.