Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясының (АЭС) құрылысын жүргізетін халықаралық консорциумды Ресейдің "Росатом" корпорациясы басқарады. Бұл туралы хабарлады Juzmedia.kz ҚР Атом энергетикасы агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство төрт үміткердің технико-коммерциялық ұсыныстарын қарастырып, қауіпсіздік, құрылыс мерзімі, кадр даярлау мен жобаның жергілікті мазмұнын ескере отырып шешім қабылдаған. Нәтижесінде үздік деп "Росатом" танылды. Екінші орынға Қытайдың CNNC компаниясы жайғасса, Францияның EDF және Оңтүстік Кореяның KHNP компаниялары үшінші орынды бөлісті.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен "Росатом" жобаға қаржы тарту, оның ішінде Ресей тарапынан қолдау көрсету мүмкіндігін талқылап жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, жоба бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде "шорт-листке" төрт елдің компаниясы енген: "Росатом" (Ресей), China National Nuclear Corporation (Қытай), Électricité de France (Франция) және Korea Hydro & Nuclear Power (Оңтүстік Корея).
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.