homepage
Ұлттық экономика министрлігі

2025 жылы кәсіпкерлерге жеңіл несие алуға 750 млрд теңге бөлінді

14.06.2025, 09:33

2025 жылдың алғашқы бес айында мемлекеттен жеңілдетілген несиелер мен кепілдіктерге жалпы 755,9 млрд теңге бөлініп, 6 мыңнан астам жоба қолдау тапты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлайды.

Биыл жеңілдетілген несиелеуге бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда шамамен үш есе көбейіп, 750 млрд теңгеге жеткен. Бұл қаражат арқылы кәсіпкерлер жылдық 12,6%-дан аспайтын мөлшерлемемен несие ала алады. Жаңа “Өрлеу” бағдарламасы шеңберінде қазір Freedom Bank, Банк ЦентрКредит және Halyk Bank арқылы өтініш беруге болады.

Бұдан бөлек, “Даму” қоры базасында биыл екі кепілдік беру қоры іске қосылды. Бірі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға, екіншісі ірі, инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған.

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы бес айында:

  • Кепілдікпен қамтылған 2 470 жоба (325,1 млрд теңге несие)

  • Сыйақысы субсидияланған 2 228 жоба (290,7 млрд теңге)

  • Жеңілдетілген несиемен қаржыланған 873 жоба (73,6 млрд теңге)

Ең белсенді салалар – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік-логистика, денсаулық сақтау және білім беру.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.