Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды деп хабарлайды Juzmedia.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 ж.) ұлттық қорықтың аумағында өтті.
Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.