homepage
ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі

Қазақстан Қытай инвесторларын жан-жақты қолдауға уәде берді

16.06.2025, 04:35

Қазақстан Үкіметі Қытайдан келетін инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 16 маусымда өткен «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық форумында мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қазақстан Үкіметі әрбір инвесторға жеке сүйемелдеу және “кілтпен тапсыру” қағидатын енгізді. Біз салықтар мен кедендік баждардан босату, табиғи гранттар беру, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу секілді жеңілдіктер ұсынамыз», – деді Скляр.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен 224 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы инвестиция көлемі – 66,4 млрд доллар. Бұл жобалар шамамен 50 мың жұмыс орнын қамтиды.

Скляр Қытай инвесторларын көлік логистикасы, ауыл шаруашылығы және сирек жер металдары сияқты салалардағы жаңа жобаларға қатысуға шақырды.

«Қазақстан Үкіметі сіздер үшін сенімді және болжамды әріптес бола алады», – деді ол форум қатысушыларына.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.