homepage
Фото: juzmedia.kz

Тұтынушылар 800 миллион теңгесін қайтарып алды

16.06.2025, 04:56

2025 жылдың алғашқы бес айында тұтынушылардың шағымдары негізінде 881,3 миллион теңгеден астам қаражат азаматтарға қайтарылды. Бұл туралы Juzmedia.kz хабарлады Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, қаражат сапасыз тауарлар, көрсетілмеген қызметтер мен уақтылы берілмеген жылжымайтын мүлік үшін қайтарылған. Шағымдар автокөліктен бастап косметика, смартфон, турпакет, фитнес абонементтерге дейінгі түрлі тауар мен қызметке қатысты болған.

Мысалы, Алматыда 215 млн теңгеге сатып алынған, бірақ үшінші тұлғаға сатылып кеткен тұрғын үй дауы шешімін тапса, Қарағандыда 33,5 млн теңгенің пәтері тұтынушыға қайтарылған. Ақтөбеде туроператордан 6,6 млн теңге, Павлодар мен Жетісу облыстарында косметика мен смартфондар үшін жалпы 18 млн теңге өндірілген.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.