homepage
Фотоколлаж Juzmedia

Тимур және Динара Құлыбаевтар миллиардтаған дивидендтерден бас тартты

16.06.2025, 14:25

Тимур және Динара Құлыбаевқа тиесілі “Алмэкс” холдинг тобы акционерлеріне 2024 жыл үшін дивиденд төлемейді. Бұл жайлы қаржы министрлігінің қаржылай есеп депозитарийінде жазылған, деп хабарлайды Juzmedia.

16 маусымда жарияланған құжатқа сүйенсек, компания акционерлері былтырғы жыл үшін табысты бөлмеу және дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдаған. 

Айта кету керек, 2023 жыл үшін компания 2024 жылы наурызда 89 млрд теңге дивиденд төлеген еді. 

“Алмэкс” - Құлыбаевтар отбасының негізгі активтерінің бірі. Осы қаржы ұйымы арқылы Halyk Bank-тың 69,7% акциясын иеленеді. 

Тимур Құлыбаев - Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің қатарына кіреді. Forbes Kazakhstan-ның 2025 жылдың мамырындағы дерегі бойынша, дәулеті 5 млрд доллар деп бағаланады. Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде төртінші орынға, ал халықаралық рейтингте 673-орынға жайғасты. 

Әйелі Динара Құлыбаева да Forbes тізіміне енген, дәулетін 5,5 млрд доллар деп бағалаған. Күйеуімен бірге мұнай-газ және тұрғын үй саудасымен айналысатын кәсіпорындарды, қаржы ұйымдарын басқарады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.