Жазғы демалыс кезінде қосымша жұмыс іздейтін жасөспірімдер аз емес. Бірі — қалтасын қамдау үшін, енді бірі — ата-анасының сұрауымен жұмысқа тұруға ниетті. Бірақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмаған балалардың еңбек қызметі қатаң заңнама шеңберінде ғана жүзеге асуы тиіс екенін ескертеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
? Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:
14–16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істей алмайды;
16–18 жастағылар үшін бұл шектеу — 36 сағат.
Сонымен қатар, еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет.
⛔ Жасөспірімдерге тыйым салынған жұмыс түрлері:
түнгі жұмыс (сағат 22:00–06:00),
үстеме жұмыс,
вахталық әдіс,
қосымша жұмыс,
жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.
«Әрбір бала қанаудан аулақ болу және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Ал бұл құқықтардың сақталуын қадағалау — ересектердің міндеті. Заңсыз жұмысқа тартқан жұмыс беруші тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Егер балалардың заңсыз еңбекке тартылғаны анықталса, бұл туралы:
еңбек инспекциясына,
Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне,
немесе 111 байланыс орталығына хабарлауға болады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.