homepage
Фото: juzmedia.kz

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері 143 мың теңгеден асты

18.06.2025, 07:13

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде зейнетақының жиынтық орташа мөлшері 143 502 теңгені құрады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 814 теңге, базалық зейнетақы – 47 688 теңге.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 745,9 млрд теңге жұмсалған. Бұл соманың 564,7 млрд теңгесі – базалық зейнетақыға, 1 трлн 181,2 млрд теңгесі – ынтымақты зейнетақыны төлеуге бөлінген.

2025 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда зейнеткерлердің жалпы саны 2 млн 481 мың адамды құрайды.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап ең төмен базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ға дейін жеткізу жоспары жүзеге асырылып келеді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері 32 360 теңгені, ең жоғарысы – 50 851 теңгені құрады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсірілген болатын. 

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.