Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жаңа қаржыландыру жүйесі – ваучерлік әдіс енгізіліп жатыр. Бұл реформа ата-аналарға балабақша таңдау еркіндігін беріп, кезекті қысқартуға және қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап Juzmedia.kz хабарлайды.
Жүйенің басты ерекшелігі – мемлекет қаржыны нақты балаға бөледі. Ата-ана баласын қай балабақшаға апаратынын өзі таңдайды. Таңдаған ұйым мемлекеттік талаптарға сай болуы және бос орны болуы шарт. Қаражат тек баланың нақты барғаны расталғаннан кейін ғана аударылады.
2024 жылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі пилоттық режимде еліміздің 15 қаласы мен 5 ауданында іске қосылды. Қазірдің өзінде 3 мыңнан астам балабақша осы жүйеге қосылып, 230 мыңнан астам бала қамтылды. Тараз, Шымкент, Түркістан, Астана, Орал сияқты қалаларда кезек 44 пайызға дейін қысқарған.
Маусым–шілде айларында Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Алматы қалалары жобаға қосылады. Ал 2025 жылдың соңына дейін бұл жүйе еліміздің барлық өңірін қамтуы тиіс.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, ваучерлік қаржыландыру ата-аналар үшін де, білім беру ұйымдары үшін де әділ әрі тиімді. Жүйе сапаға бәсекелестік арқылы қол жеткізуді көздейді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.