2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда босанған, бала асырап алған немесе жаңа туған сәбиге қамқоршы болған 100 мыңнан астам әйелге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы 144,4 миллиард теңге төленді. Бұл – әр анаға орта есеппен 1,6 миллион теңгеге жуық жәрдемақы берілді деген сөз, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл төлем – жүктілік пен босануға немесе бала асырап алуға байланысты еңбек демалысы кезінде табысынан айырылған әйелдерге арналған. Ақша ананың соңғы 12 айдағы ресми табысына қарап есептеледі. Демалыс күндерінің санына да байланысты.
Мамыр айының өзінде бұл жәрдемақыны 22,6 мың ана алған. Сол айда берілген жалпы сома – 27 миллиард теңге.
Айта кетейік, бұл төлемді тек ресми жұмыс істейтін, яғни міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысып жүрген әйелдер ғана ала алады. Ал жұмыс істемейтін аналар бала тууына байланысты басқа жәрдемақыны республикалық бюджеттен алады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.