homepage
Фото: juzmedia.kz

Абзал Құспан: "Тікелей эфирдегі соттар әділдікке кедергі келтіруі де мүмкін"

24.06.2025, 20:08

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан сот процестерін онлайн көрсетудің артық-кем тұстарын атады. Бұл туралы ол журналист Дана Нұржігіттің MY PRIME TIME ютуб жобасына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның сөзінше, сот процесін тікелей эфирде көрсету — қоғамның құқықтық сауатын арттыратын қадам. Алайда әділдік қағидатына қайшы келетін тұстары да бар. Мәселен, куәгерлер бір-бірінің жауабын тыңдап қоюы мүмкін. Бұл тергеу мен соттың бейтараптығына кері әсерін тигізеді.

Абзал Құспан қызмет барысында қатысқан нақты бір істі мысалға келтірді:

«Прокуратурада істеп жүргенімде БҚО-ның Бөкей ордасы ауданындағы Құрманғазы ауылында ұрының сотын ашық өткіздік. Клубқа бүкіл ауылды жинадық. Көшпелі сот отырысы — құқықтық тәрбие құралы. Бұл кеңестен келе жатқан тәсіл ғана емес, қазақтың билік жүйесінде де болған. Абай жолын еске түсірсек, Қамқа мен Қодар соты да бүкіл елге жария өткен».

Журналист Дана Нұржігіт сұхбат барысында резонанс тудырған Шерзат пен Бишімбаев соттарының онлайн форматына сілтеме жасай отырып, бұл тәжірибенің тиімділігіне күмән келтірген. Ал депутат сот әділдігі мен қоғамдық пікірдің арасын ажырата білудің маңызын атап өтті.

Теги:

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.