homepage
Фото: t.me/KZgovernment

Испан компаниясы Атырауға жіксіз құбыр шығаратын зауыт салмақ

27.06.2025, 12:51

Қазақстанда жіксіз құбыр өндіретін жоғары технологиялы зауыт салынуы мүмкін. Бұл жобаны Атырау облысында жүзеге асыру жоспарланып отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл мәселе Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен испаниялықTubacex вице-президенті Антон Азлор арасындағы кездесуде талқыланды. Сондай-ақ мұнай-газ машина жасау зауытын ашу мүмкіндігі де сөз болды.

Tubacex Group компаниясы Атырауда тот баспайтын болат пен никель қорытпасынан жасалған құбырлар шығаратын өндіріс орнын ашуды ұсынды. Жоба жүзеге асса, бұл – Орталық Азиядағы алғашқы зауыт болмақ. Жылдық қуаты – 12 мың тонна дайын өнім.

Tubacex – мұнай-газ, энергетика және мұнай химиясы салаларына арналған құбырлар өндірісінде әлемдік көшбасшылардың бірі. Компанияның әлем бойынша 24 зауыты бар.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.