homepage
Фото: eGov

Цифрландыру арқасында әлеуметтік көмекті заңсыз алатындар саны 32%-ға азайған

27.06.2025, 16:24

Әлеуметтік көмек алушылардың саны бір жыл ішінде 44%-ға қысқарды. Бұл туралы Парламент отырысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек енді нақты мұқтаж адамдарға ғана берілмек. Биылдан бастап цифрлық тексеру жүйесі енгізіліп, геолокация және бейнетіркеу арқылы учаскелік комиссиялар шешімдерінің дұрыстығы бақылауға алынған.

Биылғы 5 айда АӘК алушылар 32%-ға азайған. Негізсіз тағайындалған 3,1 млн теңгенің 889 мыңы бюджетке қайтарылған.

Жаңа тәсілдер нәтижесінде 40 млрд теңге үнемделіп, қаражат шын мұқтаж азаматтарға қайта бағытталып отыр.

 

 

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.