Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтарудың кезекті кезеңін аяқтады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Соңғы эвакуация 25 маусымда жүргізілді. Израиль мен Мысыр аумағынан 37 адам шығарылған, олардың арасында Ресей мен Қырғызстан азаматтары да бар. 26 маусымда бұл топ Каир – Шымкент рейсімен елге жеткізілді. Жалпы, Израильден эвакуацияланғандар саны – 103 адам.
Ираннан шығарылғандар саны – 233. Олар Түрікменстан (135 адам), Әзербайжан (25 адам) және Армения (73 адам) арқылы елге оралған.
Сондай-ақ, 23–25 маусым аралығында Қатар мен БАӘ-де қалып қойған қазақстандықтар да үйлеріне жетті. Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты уақытша бөгелген азаматтарға елшіліктер тарапынан көмек көрсетіліп, 24–27 маусым аралығында 1900-ден астам адам Қазақстанға қайтарылған.
СІМ дерегінше, ведомство өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылап отыр және шетелдегі азаматтарға консулдық көмек көрсету жалғасады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.