Қазақстан мен Моңғолия ауыл шаруашылығы саласындағы әріптестікті кеңейтпек. Ұлан-Батырға сапармен барған Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу екі ел арасындағы тауар айналымын 500 млн долларға жеткізу жоспарланғанын мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл көрсеткішке қазақстандық астық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту арқылы қол жеткізу көзделіп отыр.
Моңғолия тарапы Қазақстанды сенімді әрі жақын серіктес ретінде атап, экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік білдірді. Тараптар тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, көлік, логистика, цифрландыру мен мәдени-гуманитарлық бағыттарда нақты жобаларды талқылады.
Қазақстан геологиялық барлау мен технология экспортына да қызығушылық танытып отыр. Екі ел үкіметаралық сапарлар легін арттырып, жоғары деңгейдегі диалогты жалғастыруға ниетті.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.