homepage
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Тұмар – 2025» сыйлығының иегерлері белгілі болды

28.06.2025, 08:30

Астанада Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты рәсімде «Тұмар – 2025» ұлттық телевизиялық сыйлығы табысталды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Биылғы марапат елдегі өзекті оқиғаларды көтеріп, әлеуметтік бастамаларға үн қосқан телевизия саласы өкілдерінің еңбегіне арналды. Сыйлыққа 11 номинация бойынша 300-ден астам өтінім келіп, олардың 44-і шорт-листке өтті.

Жеңімпаздарға кәсіби шеберліктің символына айналған «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі жүлде табысталды.

Салтанатты шарада Қазақстан Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына орай арнайы марапатты табыстады. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» тақырыбын жүйелі көтергені үшін – «КТК» телеарнасы, Жеңістің 80 жылдығын кеңінен қамтығаны үшін – «Еуразия Бірінші арнасы» арнайы сыйлыққа ие болды.

Жеңімпаздар тізімі:

  • Ең үздік әлеуметтік жоба: «Таза қала» – Jibek Joly

  • Жылдың ең үздік репортажы: «В гостях у кочевников» – МИР

  • Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама: «President» – 24KZ

  • Ең үздік журналистік зерттеу: «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» – Atameken Business

  • Жылдың ең үздік телехикаясы: «12:00» – 31 арна

  • Ең үздік деректі фильм: «Человек с острова Кулалы» – Jibek Joly

  • Ең үздік балалар тележобасы: «Түркістан сақшылары» – Turkistan TV

  • Ең үздік өңірлік арна: Saryarqa – Қарағанды облысы

  • Ең үздік тележурналист: Бектас Ақерке – Qazaqstan TV

  • Ең үздік тележүргізуші: Доспаева Мөлдір – Хабар

  • Ең үздік спорттық комментатор: Ерік Ерсін – Qazsport

«Тұмар» сыйлығы 2017 жылдан бері тағайындалып келеді. Осы уақыт ішінде 2200-ден астам өтінім түсіп, 98 жоба үздік деп танылған. Сыйлық мақсаты – отандық телевизия сапасын арттыру мен кәсіби шеберлерді қолдау.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.