homepage
Фото: @t.me/KZgovernment

Ұзақ үнсіздіктен соң Арқалыққа назар ауа бастады

28.06.2025, 12:09

Үкімет Арқалық қаласындағы тозығы жеткен жылу желілерін жаңартуға 250 миллион теңге бөлді. Бұл – бірнеше жылдан бері апатты жағдайда өтетін жылыту маусымдарының қайталанбауына бағытталған қадам деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаладағы жылу жүйесінің 48%-ы тозған, ал кейбір учаскелерде бұл көрсеткіш 82%-ға жеткен. Осы себепті жылу энергиясының 24-29%-ы орта жолда жоғалады. Арқалық ЖЭО бүгінде 375 нысанды жылытып отыр.

Жаңғырту жобасы 2023 жылдан бері жүзеге асып келеді. Қазірге дейін 17 шақырым құбыр ауыстырылды, ал 2025 жылы тағы 9,9 шақырым жаңарту көзделіп отыр. Жоба толық аяқталған соң, тозу деңгейі 12%-ға дейін төмендеуі тиіс.

Жылумен қатар қалада тағы бірнеше маңызды бастама қолға алынып жатыр. Маусым айында Арқалық арқылы өтетін стратегиялық маңызы бар «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды. Жаңа автожол Астана мен Ырғыз арасындағы қашықтықты 573 шақырымға қысқартып, Транскаспий бағытымен байланысты күшейтеді. Бұл – ел ішіндегі көлік инфрақұрылымын ғана емес, өңір экономикасын жандандыруға серпін бермек.

Сонымен қатар қала әуежайын қалпына келтіру және жасыл энергетика бағытындағы жобалар қолға алынуда.

Соңғы жылдары Арқалықта халық санының артуы, шағын және орта бизнестің белсенділігі байқалады.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.