homepage
businessinsider.com

Tesla көлігі алғаш рет зауыттан иесіне дейін жүргізушісіз жеткізілді

29.06.2025, 10:40

АҚШ-тың Остин қаласында Tesla Model Y көлігі зауыттан шығып, иесінің үйіне ешбір жүргізушісіз, қашықтан басқарусыз өзі барып жетті. Бұл туралы компания басшысы Илон Маск X парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Tesla мәліметінше, көлік толықтай автономды режимде — яғни адам араласуынсыз қозғалған. Бұл тәжірибе Tesla-ның толық автономды жүргізу жүйесін сынау аясында өтті.

Илон Маск бұл жаңалықты «әлемде алғаш рет орындалып отырған оқиға» деп атап, болашақта Tesla көліктері сатып алушыға еш делдалсыз, тікелей өзі жеткізілетін жаңа кезеңге аяқ басқанын айтты.

Аталған функция әзірге сынақ режимінде, тек белгілі бір инфрақұрылымы бар аймақтарда ғана іске қосылған.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.