Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан үкіметке қарсы шеруге 140 мыңға жуық адам жиналды. Бұл ел тарихындағы ең ауқымды наразылықтардың бірі ретінде аталып отыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Әуелі сайлау!» ұранымен шыққан шерушілер президент Александр Вучичтің отставкасын талап етіп, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді сұрап отыр. Наразылыққа студенттер, белсенділер мен оппозициялық күштер қатысуда.
Сербиялық БАҚ-тың хабарлауынша, шерушілер билікті жемқорлықпен, саяси қысыммен және демократиялық институттарды әлсіретумен айыптап отыр. Сонымен қатар, олар тәуелсіз БАҚ-ты қолдауды, білім беру мен сот жүйесінде реформа жүргізуді талап етуде.
Бейбіт басталған акция барысында тәртіпсіздіктер де тіркелді. Полициямен қақтығыс кезінде көз жасаурататын газ қолданылып, бірнеше адам ұсталды. Алты полицейдің жараланғаны хабарланды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.