2025 жылғы 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында World Boxing ұйымының Әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл – жаһандық турнирдің елімізде алғаш рет өткізілуі. Жарысты жақында құрылған World Boxing федерациясы ұйымдастырып отыр. Турнирге әлемнің 30-дан астам елінен 400-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында АҚШ, Өзбекстан, Үндістан, Италия, Германия және Ұлыбритания сияқты бокста дәстүрі бар мемлекеттер бар.
Осыған орай Қазақстан ерлер құрамасының құрамы жарияланды. Команда сапында тәжірибелі чемпиондар мен жас таланттар қатарлас тұр.
50 келі – Санжар Тәшкенбай (2023 жылғы әлем чемпионы)
55 келі – Махмұд Сабырхан (2023 жылғы әлем чемпионы)
60 келі – Серік Теміржанов (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
65 келі – Ертуған Зейнуллиннов (2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері)
70 келі – Абылайхан Жүсіпов (әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері)
75 келі – Сабыржан Аққалықов
80 келі – Нұрбек Оралбай (әлем чемпионы, Олимпиада күміс жүлдегері)
85 келі – Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы)
90 келі – Сағындық Тоғамбай (Азия чемпионы)
+90 келі – Айбек Оралбай (екі дүркін Азия чемпионы)
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.