Қазақстан ескірген оқ-дәрілерді қауіпсіз жою және утилизациялау ісін халықаралық ұйыммен бірлесіп атқаруға ниетті. Бұл бағытта еліміздің Словениядағы елшісі Данияр Сарекенов «ITF Enhancing Human Security» ұйымының басшысы Томаж Ловренчичпен кездесті деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Олар Қазақстанда осы саладағы жобаларды жүзеге асыру жолдарын, соның ішінде жаңа технологияларды енгізу мен халықаралық тәжірибені қолдану мәселелерін талқылады.
Ұйым бұған дейін әлемнің 30-дан астам елінде үш мыңнан аса жобаны іске асырған. Сол тәжірибені Қазақстанға бейімдеп, ескірген, қауіпті оқ-дәрілер мен артық қаруды дұрыс сақтап, қауіпсіз жою тетіктерін бірлесіп жүзеге асыру көзделіп отыр. Томаж Ловренчич Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін білдірді. Ал елші Данияр Сарекенов ұйымның тәжірибесі еліміз үшін пайдалы болатынын атап өтті.
«ITF Enhancing Human Security» ұйымы 1998 жылы Словения үкіметінің бастамасымен құрылған. Ол қару-жарақ қалдықтарын жою, ескі оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтау және жарылғыш заттардан арылу бағытында жұмыс істейді. Енді Қазақстанда да осы саладағы жұмыстар халықаралық стандарттарға сай жолға қойылуы мүмкін.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.