Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Juzmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ол бұған дейін 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың маусымына дейін Қорғаныс министрі қызметін атқарды. Әскери саладағы реформалармен және кәсіби қолбасшылық тәжірибесімен танылған Жақсылықов соңғы жылдары қауіпсіздік жүйесінің негізгі тұлғаларының бірі саналып келді.
8 маусымда оның Қорғаныс министрі қызметінен босатылуы қоғамда түрлі болжамдарға негіз болды. Кейбір ақпарат құралдары оның ұсталғаны туралы хабар таратты. Алайда бұл мәліметтер ресми түрде жоққа шығарылды. Жалған ақпарат таратқандарға қатысты тергеу басталғаны да хабарланған.
Қауіпсіздік Кеңесіндегі жаңа қызметі Руслан Жақсылықовтың мемлекеттік қауіпсіздік құрылымындағы рөлін жалғастыруына жол ашып отыр. Бұл тағайындау оның қызметтік тағдырына қатысты даулы ақпараттардың аяқталғанын көрсетеді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.