Қазақстандық тауарлардың Моңғолия нарығына шығуына жаңа мүмкіндік туды. Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасында үш жылға арналған уақытша сауда келісімі жасалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Аталған келісім аясында тараптар бір-біріне белгілі бір тауарлар бойынша кедендік баждарды төмендетілген мөлшерде қолдануға немесе мүлде алып тастауға уағдаласты.
Қазақстан үшін бұл – дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), құс еті, сүт өнімдері, бал, күнбағыс майы, қант, шоколад және кондитерлік өнімдер, алкогольдік ішімдіктер мен темекі, металлургия, химия және көлік құралдары сияқты өнімдерді жеңілдетілген тәртіппен экспорттау мүмкіндігі. Келісім преференциялық режим арқылы нақты 367 тауар позициясын қамтиды.
Бұл қадам Қазақстанның сыртқы сауда байланыстарын әртараптандыруға, кәсіпкерлерге жаңа нарыққа шығуға жол ашпақ. Келісімнің мерзімі үш жыл, бірақ тараптар оны тағы үш жылға ұзарту мүмкіндігіне ие. Құжат барлық мүше мемлекеттер ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.