homepage
egemen.kz

Мүгедектігі туралы анықтама үшін комиссиядан өту қажет емес

02.07.2025, 14:54

Қазақстанда мүгедектігі туралы анықтама сырттай рәсімделе бастады. Яғни, адам комиссияға бармай-ақ, қажетті тексеруден кейін мүгедектік тобы автоматты түрде белгіленеді. деп хабарлайды juzmedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылдың басынан бері осындай 51,8 мың өтінім қаралған

Бұрын мүгедектік тобын белгілеу үшін азаматтар емхана, түрлі инстанция мен сараптама комиссияларын аралап жүретін. Қазір тек емханаға барып тексеруден өту жеткілікті. Қалған барлық рәсімдер адамның қатысуынсыз, ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асады.

Бұл өзгеріс Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілді. Мақсат – ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмірін жеңілдету, бюрократияны азайту және қызмет көрсетушілермен тікелей байланысты барынша шектеу.

2024 жылы да мүгедектігі туралы анықтамалардың үштен бірі – 96,9 мың өтінім – сырттай рәсімделген. Қазір бұл тәсіл 30 түрлі диагноз бойынша қолданылады. Жүйе еліміздің барлық өңірінде пилоттық режимде іске қосылған.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.