homepage
Фото: Pixabay

Жамбыл облысында жер сілкінісі болды — ТЖМ

08.07.2025, 15:40

8 шілде күні Астана уақытымен 14:30-да Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Сейсмологиялық зерттеу институтының мәліметінше, зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі бірнеше елді мекенде сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ең жоғары дүмпу Құлан ауылында — 6 балл, Мерке ауылында — 5 балл тіркелген. Тараз, Шу, Сарыкемер, Төле би сияқты қалалар мен елді мекендерде 2–3 балл деңгейінде сезілген. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігі шұғыл штаб құрғанын мәлімдеді. Командалық орталық пен Жамбыл облысы ТЖД-да жедел желілер ашылып, тұрғындармен байланыс орнатылды. Орталықта ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен өңірмен бейнеконференция өткізілген.

Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Министрлік мониторингті жалғастырып жатыр және жергілікті органдармен тығыз байланыста. ТЖМ күштері мен құралдары толық дайындық жағдайында.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.