homepage
Фото: Ұлттық экономика министрлігі

Төртінші тоқсанда коммуналдық қызмет ақысы өспейді

08.07.2025, 17:43

2025 жылдың төртінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге тарифтер қайта қаралмайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады, деп жазады Juzmedia.

Бұған дейін жоспарланған өсімдер кейінге шегеріліп, кейбір бағыттар бойынша тарифтің көтерілу қарқыны да төмендетілді. Атап айтқанда:

– электр және жылумен жабдықтау тарифінің өсімі 35%-дан 20%-ға азайтылды;
– сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бойынша өсім 50%-дан 30%-ға қысқартылды.

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті аталған шешімді халықтың сатып алу қабілетін сақтау, инфляциялық қысымды төмендету және коммуналдық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды деп түсіндіреді

Комитеттің мәліметінше, бастапқыда тариф өсімі инфляцияға 1,32 пайыздық тармақ әсер етеді деп болжанса, енді бұл көрсеткіш 0,82 пайыздық тармаққа дейін төмендейді.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.