18 жастағы Нұрислам Ақылбеков 2 шілде күні тауға шығып, содан бері оралмаған. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқиды. Жоғалар алдында достарына жанында бір жігіттің барын айтқанымен, оның кім екенін нақтыламаған, деп хабарлайды Juzmedia.
2 шілде сағат 15:02-де Нұрислам Алма-Арасан аумағынан өткен. Телефоны 4 шілде күні сағат 21:59-да Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы маңында сөнген.
Іздеу шараларына Алматы қалалық Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы, ұлттық табиғи парктер қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған. 7 шілдеде сағат 13:50-де санитарлық авиацияның тікұшағы да іздеу жұмысына тартылды. Экипаж құрамында төрт адам бар.
Бүгін Нұрисламның таксимен тау етегіне жеткен сәті түсірілген бейнежазба жарияланды. Онда студент қара футболкамен көліктің алдыңғы орындығынан түсіп жатыр. Қасында ақ футболка киген белгісіз бір жігіт бар. Қазір оның кім екені анықталып жатыр.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.