homepage
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Үздік педагог 4 миллион теңгеге жуық сыйақы алады

09.07.2025, 09:06

Елімізде ұстаздарды қолдау мақсатында дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Жеңімпаздарға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (шамамен 3,9 млн теңге) мемлекеттік сыйақы беріледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Байқауға балабақша, мектеп пен колледжде жұмыс істейтін, кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар ұстаздар қатыса алады. Үміткерлердің білім беру саласына қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен қызмет тиімділігі ескеріледі.

Байқау үш кезеңнен тұрады:
• аудандық/қалалық кезең – 8–25 шілде
• облыстық кезең – 28 шілде – 15 тамыз
• республикалық кезең – 18 тамыз – 18 қыркүйек

Қатысуға өтінімдер мен құжаттар uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталы арқылы қабылданады.

Байқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық педагог жеңімпаз атанған.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.