Макинск қаласында 13 жыл бойы кезекте тұрған жетім ағайынды Вездецкийлер заңсыз түрде тұрғын үй алу тізімінен шығарылған. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезінде бірінші кезекте тұруы тиіс. Алайда жергілікті атқарушы органдар бұл талапты елемей, ағайынды Вездецкийлерді кезектен алып тастаған.
Олардың құқығы тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана қалпына келтірілді. Нәтижесінде ағайындылар қайта кезекке қойылып, көптен күткен баспаналарына қол жеткізді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.