2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген барлық дәрілік заттар міндетті түрде цифрлық таңбалаумен шығарылуы тиіс. Ал бұл талапқа сай келмейтін өнімдер заңсыз айналымда болуы мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға Naqty Onim қосымшасы арқылы дәрі-дәрмектің қаптамасындағы Data Matrix кодын тексеруді ұсынады. Егер код мүлде болмаса немесе оқылмаса, қолданушылар қосымша арқылы шағым түсіре алады. Министрлік мұндай жағдайлар дәрі-дәрмек қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.
Ресми мәліметке сәйкес, таңбалау жүйесі енгізілген бір жыл ішінде 417 миллион қаптама таңбаланған. Оның 252 миллионы — импорттық, 165 миллионы — отандық өнім. Алайда бұл жалпы айналымдағы дәрілердің тек 60 пайызын ғана құрайды. Демек, нарықтағы дәрілердің шамамен 40 пайызы әлі де цифрлық бақылауға алынбаған.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.