homepage
Фото: freepik.com

Қазақстан жұмыртқа контрабандасымен күреспек

12.07.2025, 14:47

Қазақстанда тыйым салынған импорттық жұмыртқалардың заңсыз айналымы анықталып, бұл бағытта бақылау күшейтілетін болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сауда және интеграция министрлігінде өткен кеңесте бірқатар өңірлерде таңбаланбаған немесе контрабандалық сипаттағы жұмыртқалар еркін сатылып жатқаны айтылды. Бұл деректер Құс өсірушілер одағының шағымынан кейін жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгілі болған.

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков заңсыз тасымалмен күресу үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, бұзушылықтарға жедел ден қоятын жүйе қалыптастыру қажет екенін атап өтті. Кеңес қорытындысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының заңсыз айналымын шектеу бойынша бірлескен бақылау жалғасатын болды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.