Жыл басынан бері Қазақстанның солтүстік өңірлеріне 2 мыңнан астам қандас пен қоныс аударушы көшірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Министрдің айтуынша, 2025 жылға арналған көші-қон жоспары аясында қоныс аударған азаматтардың ешқайсысы әзірге туған өлкесіне кері оралмаған. Бұл көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда елеулі айырмашылықты білдіреді.
Жақыпованың мәліметіне қарағанда, көшіп барған азаматтар тұрақты тіркеуге алынып, жұмысқа орналасып жатыр. Көші-қонның жалпы оң сальдосы — 3,8 мың адам. Солтүстік өңірлерге еңбекке қабілетті жастағы тұрғындарды тарту саясаты жалғасып келеді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.