Астанада өтетін Backstreet Boys концертіне билеттерді енді турпакет түрінде де сатып алуға болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Kazakh Tourism ұлттық компаниясының мәліметінше, үш отандық туроператор – «Touroperator Kompas», «Sanat» және «Skyway LTD» – концертке арналған арнайы туристік пакеттерді ұсынуда. Олардың құрамында концерт билетімен бірге қонақүйде тұру, трансфер, мәдени және экскурсиялық бағдарлама қарастырылған. Бұл келісім Freedom холдингімен бірге жасалған меморандум аясында бекітілген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қадам еліміздегі ірі музыкалық іс-шаралар арқылы event-туризмді дамытуды көздейді. Концертке келетін қонақтар Астанамен қатар, Қазақстанның көрікті жерлерін аралай алады.
Backstreet Boys тобының концерті 2025 жылдың 21 қыркүйегінде «Астана Арена» стадионында өтеді. Ал халықаралық аудиторияға арналған қосымша 1000 билет Дубайда орналасқан компания арқылы таратылатын болады.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.