Мемлекет басшысы әскери-патриоттық тәрбие мен әскери қызмет жүйесін жетілдіруге арналған заңға қол қойды. Бұл құжат Қарулы Күштердің мәртебесін арттырып, әскери қызметтің беделін көтеруді көздейді, деп хабарлайды Juzmedia.
Заң аясында Еңбек кодексіне, «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Білім туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» сынды бірқатар заңдарға түзетулер енгізілді. Өзгерістер жеті бағытты қамтиды.
Бірінші бағыт – азаматтарды әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуді күшейту. Екінші бағыт – әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру. Үшінші бағыт – әскери есеп жүргізу мен шақыру үдерісін оңтайландыру. Төртінші бағыт – әскери атақтар беру тәртібін жеңілдетіп, Қарулы Күштер мен әскери құрылымдарды жасақтау тетігін жетілдіру. Сонымен қатар әскери қызметшілердің мәртебесін арттыру көзделген.
Бесінші бағыт – мерзімді әскери қызметтің беделін көтеру. Алтыншы бағыт – жастарды әскери қызметке кешенді даярлауға жағдай жасау. Жетінші бағыт – мемлекеттік қорғаныс тапсырысын жүзеге асыруды дамытуға арналды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.