Dala.edge креативті технологиялар паркі Қаскелендегі New York Film Academy кампусында оқуға арналған гранттар конкурсын жариялады. Байқау 3D-анимация, визуалды эффектілер және ойын дизайны бағыттарына қызығушы жастарға арналған деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бағдарлама бойынша 100 және 50 пайыздық оқу гранттары ұсынылады. Үміткерлер өз креативті жұмысын дайындап, 2025 жылғы 1 тамызға дейін kaz.nyfa.edu ресми сайты арқылы өтінім беруі тиіс. Өтінім жолдағандар автоматты түрде байқауға қатысушы ретінде тіркеледі.
Грант иегерлері халықаралық дипломды Қазақстаннан шықпай-ақ ала алады. Оқуды аяқтаған соң оларға Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі NYFA кампустары беретін дипломға тең сертификат табысталады. Дәрістерді АҚШ-тан келген мамандар жүргізеді.
Айта кетейік, NYFA-ның Қазақстандағы филиалы – Азиядағы жалғыз өкілдік. Академияның ресми сайты: grants.nyfa-kaz.com.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.