homepage
rail-news.kz

Қытайдан заңсыз тауар кіргізген компания басшылары сотталды

21.07.2025, 09:55

Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен тауар тасып, жалған шот-фактура жазған компания басшыларына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Juzmedia.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Group of the Companies TDA» ЖШС уәкілетті экономикалық оператор бола тұра, Қытайдан 100-ден астам контейнерді заңсыз кіргізіп, бақылауындағы 10 серіктестік арқылы жалған құжат рәсімдеген. Келтірілген залал көлемі 10 млрд теңгеге жеткен. Сотқа дейін мемлекетке 643 млн теңге қайтарылды.

Сот үкімімен күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, олар 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауар мен 300 млн теңге мүлікке шектеу қойылды. Аталған компаниямен жұмыс істеген 47 кәсіпорын өзара есепті тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төледі.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.