homepage
azattyq.org

Ресей соты "орыс ұлтын қорлағаны үшін" якут комигіне айыппұл салды

23.07.2025, 10:31

Ресейдің Якутск қалалық соты стендап-комик Нюргун Атаковқа 10 мың рубль айыппұл салды. Ол ұлттық алауыздық қоздырды және белгілі бір ұлттың ар-намысын қорлады деген айыппен әкімшілік жауапқа тартылған. Бұл туралы Juzmedia.kz Якутия.Инфо сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімшілік іс Атаковтың Telegram-дағы «Торбозное радио» арнасында былтыр қыркүйекте жарияланған стендап видеосынан кейін қозғалған. Онда ол Ресейдегі якуттарға қатысты көзқарас пен тарихи әділетсіздік жайлы сөз қозғап, отарлық саясатты сынайды. Атап айтқанда, ол былай дейді:

«Африкалықтардан құл жасады, үндістердің бәрін жойып жіберді. Ал бізді православ қылды, одан да қырып тастағаны жақсы болар еді».

Бұл видео кейін Стратегиялық зерттеулер орталығына жіберіліп, сарапшылар ондағы пікірлерден орыс ұлтының ар-намысын қорлау белгілерін анықтаған. Прокуратура 16 маусымда әкімшілік іс қозғап, сот 3 шілдеде Атаковты кінәлі деп таныған.

Комик сотқа келмеген. Ол соңғы үш жылда Қазақстанда тұрып, өнерін жалғастырып келеді. Сондай-ақ YouTube желісінде түркі халықтарының мәдениеті туралы шоу жүргізіп жүр.

Айта кетейік, кеше ғана Қазақстанда да ұлтаралық алауыздыққа байланысты іс қозғалған еді: Threads желісіндегі жазбасы үшін Қарағанды тұрғыны екі айға қамауға алынды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.