homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Бокстан әлем чемпионаты: еліміз алты медаль иеленді

14.12.2025, 10:02

Дубайда өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, турнирді үш алтын жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әлем біріншілігінде ел намысын 13 боксшы қорғады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бірнеше салмақ дәрежесінде финалға шығып, жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Алтын медальді:

  • 54 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов,
  • 57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов және
  • 71 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов иеленді.

Күміс жүлдені:

  • 75 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов алды

Қола жүлделер:

  • 48 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіповке және
  • 63,5 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейноллиновке бұйырды. 

Ал қалған жеті қазақстандық боксшы жүлдеге іліне алмады. Осылайша, Қазақстан құрамасының бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қорытынды нәтижесі — алты медаль, оның ішінде үш алтын, бір күміс және екі қола жүлде.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.